Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Осындайлардың кесірінен сәләфиттер көбейіп жатыр": Қоғам белсендісі мас имамды "сойып" салды

12:43, 26 шілде 2024 996
"Имамдар осылай ішіп жүрген соң, әрине теріс ағымдағылар көбейіп жатыр" деп жазды өзінің парақшасында белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек.
 
Автордың жазбасында "Өз ағзасын улап жатыр, мейлі деп үнсіз қоя салайын десем, осындайлардың кесірінен сәләфиттер қоғамда көбейіп жатыр. Негізі күлетін жағдай емес, дабыл қағу керекпіз" дейді ол. 
 
Батыс миы уланғандарға толыпты, кешегі полициядан қорықпай, әйелін пышақтап тастаған еркектің өзі үлкен сигнал! “Күрең күзде соғатын бір соққымыз бар әлі” дегенде ойланып қалған едім… ҚМБД әдейі “иван имамдарды ” қоғамды дүрліктіру үшін ұстап отырған жоқ па екен? - дейді А.Орынбек.
Автордың жазуынша, “дінге” қатысты шабуыл, қастандық деп неше түрлі арандатушылық әрекеттерге баруы мүмкін. Бұл тақырыпты әзілге айналдырып керегі жоқ. Бұның астарына анализ жасау керек. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар