Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Полиция әйелдерді сүйреп әкетті": Атырауда баласы суға кеткен анаға полиция шара қолданды

18:00, 11 қазан 2024 1525

Биыл тамыз айында Атырау қаласында Мерлан есімді 13 жасар бала белгісіз жағдайда Жайық өзеніне суға батып қаза тапқан еді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Баланың әпкесінің айтуынша, марқұм інісін достарының бірі өзенге итеріп жіберген. Қалғандары бала суға батып кеткенше қарап тұрған. Жасөспірімнің денесі екі күннен кейін ғана табылып, қылмыстық іс қозғалған.

Бүгін Атырау тұрғыны іс қозғалмай тұрған соң, көшелердің бірінде көлік қозғалысын шектемек болған. Әйелдің сөзінше, баласының өліміне кінәлілер бостандықта жүр. Алайда полицейлер марқұм баланың анасын жолдың ортасынан сүйреп әкеткен.

Полицейлердің сөзінше, әйел заңды талаптарға қарсылық көрсеткен. Сондай-ақ олар тергеу барысы полиция департаменті бастығының тікелей бақылауында екенін айтты. Ал баланы итеріп жіберген жасөспірімдер тергеуде дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?