Іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Енді қаза тапқан балалардың анасы 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Alash.KZ.
Айта кетейік, 11 қазанда Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртенген еді.
Шатыры опырылып түскен үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған кәмелетке толмаған балалар болған. Балалардың анасы құрбысының үйіне кеткен. Ал әкесі түрмеде жазасын өтеп жатыр.