Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қаражат бөліп, байланыс құралдармен қамтамысыз еткен". Ресейдегі лаңкестікке қатысы бар тағы бір адам ұсталды

16:08, 28 сәуір 2024 299

Ресейдің Мәскеу облысында болған Crocus City Hall-дағы теракт ісі бойынша 12-айыпталушы Джумохон Курбонов лаңкестерді байланыс пен ақшамен қамтамасыз етті деген күдікке ілінді, деп хабарлады alash.kz сайты Мәскеудегі Басманный сотының баспасөз қызметіне жүгініп.

Тергеу деректері бойынша, Курбоновқа лаңкестік әрекетті дайындауға қаражат бөлу, оның ішінде қатысушыларды байланыс құралдарымен қамтамасыз ету және олар үшін жүйелі төлем жасау міндеті жүктелген, - делінген хабарламада.

Кейін Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына жақын арада Ресейге бармауды ұсынған. Алайда дипломаттар мұндай ұсыныстың себебі туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Қазір осы оқиғаға байланысты, Ресейде тұратын Орталық Азиядан келген көптеген мигрант кемсітушілік пен агрессияға тап болып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар