Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үстел теннисі: 11 жастағы отандасымыз Италиядағы турнирде жеңіске жетті

12:42, 10 қараша 2024 282

Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz UlysSport.kz-ға сілтеме жасап.

Ол 11 жасқа дейінгі санатта үздік атанды. 

Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынды иеленген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар