Полиция Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Әнші Мақпал Жүнісова Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жеткенін айтқан еді.
"Иманы саламат болсын,өлтірген адамды тауып,жазасын беру керек,Айсұлу айналайын Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен баурына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды әнші.
"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.