Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан мен Ресей шекарасы әлі анықталмаған ба?

07:59, 10 қазан 2022 185
Екі елдің демаркациялық комиссиялары Қазақстан-Ресей шекарасын бөлу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 3-7 қазан аралығында Алматыда Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 122-ші отырысы өткенін хабарлады. Тараптар аумақтарды межелеу бойынша қорытынды құжаттардың жобаларын бекітуді жалғастыруда.
«Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі қорытынды құжаттардың жобасын қарауды және бекітуді жалғастырды, 2023 жылға арналған іс жүргізу жоспарын бекітті, сондай-ақ алдағы жылға арналған далалық жұмыс жоспарын талқылады. Комиссияның келесі отырысы 2022 жылдың қарашасында Ресей Федерациясының аумағында өтеді» делінген баспасөз хабарламасында.

 

Ал 14 қыркүйекте Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шекараны нақтылау үшін тағы екі-үш жыл қажет болуы мүмкін екенін нақтылады.
— Ресейден басқа барлық көрші мемлекеттермен демаркация аяқталды. Бізге тағы екі-үш жыл керек шығар, – деді СІМ басшысы.

Айтпақшы, шекараның бөлінуі туралы соңғы ресми деректер сонау 2020 жылы жарияланды. Одан кейін Қазақстанның Ресеймен мемлекеттік шекарасын демаркациялау жұмыстары 89 пайызға орындалғаны хабарланды. Жалпы ұзындығы 7548 шақырымның 6696 шақырымы белгіленген.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар