Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда 13,5 мың шетелдік жұмыс істейді

11:22, 27 ақпан 2023 274
 


Қазақстан аумағында ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 496 шетел азаматы еңбек етеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 570 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 мың рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарына жатады. Тиісінше олар – 7 388 және 883 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 217 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 438 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 645 жұмыс беруші бар. Оларда 411 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл – қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 458 адам (42%); тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 879 адам (11%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 733 адам (4%); өңдеу өнеркәсібі – 1 641 адам (7%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 057 адам (8%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай (3 411 адам), Үндістан  (1 693 адам), Түркия (1 615 адам), Ұлыбритания (1 104 адам), Өзбекстан (391 адам).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Министрлік 2023 жылға ШЖК тартуға арналған квотаны 22 226 (0,24%) етіп белгіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар