Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда мопед жүргізушілеріне талап күшейді

11:15, 21 қазан 2024 268

Елімізде мопед жүргізушілері 3 сәуірге дейін тіркеліп үлгеруі қажет, деп жазады Alash.KZ stankznews телеграм арнасына сілтеп.

Ішкі істер министрлігі мопед иелерінің транспортын тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімін жариялады:

1) жеке басты куәландыратын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысандағы құжатты;

2) Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар болуы керек.
 
3) техникалық құжат (бар болған жағдайда) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәлімет;
 
4) транспорт иесінің өтініші;
 
5) көлік құралын қарап тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде) қажет.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар