Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандықтар ақшасының көп бөлігін қайда жұмсайды

10:43, 14 наурыз 2024 493

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың 2023 жылдың соңғы тоқсанындағы шығыны туралы дерек жариялады.

Бюро дерегінше, 2023 жылдың IV тоқсанында бір қазақстандықтың шығыны 277 202 теңге немесе айына 92,4 мың теңге болған. Бұл – былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, 12,3% жоғары.

Қазақстандықтар ақшасының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайтын болып шықты – тоқсанына 142 169 теңге. Азық-түлікке жатпайтын тауарларға 66 268 теңге, ақылы қызметтерге 48 250 теңге жаратқан.

Азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға бір қазақстандық 129 953 теңге төлейді екен. Ал сырттан тамақтануға 6 070 теңге, алкогольдік сусындарға 1 766 теңге, темекі өнімдеріне 3 970 теңге жұмсайды.

Орташа алғанда еліміздің бір тұрғыны тоқсанына 14 819 теңгені несие мен қарызды өтеуге, 5 362 теңгені алиментке, 334 теңгені салық пен басқа да төлемдерге жаратады.

Шығыны ең көп елорда тұрғындары болып шықты. Бір астаналық тоқсан ішінде 366 345 теңге жұмсаған, яғни бұл айына – 122 115 теңге. Одан кейінгі орында алматылықтар мен Қарағанды облысының тұрғындары тұр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар