Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаржы министрі: Министрліктер 45 млрд теңгені игере алмай отыр

11:21, 12 наурыз 2024 410

Қаржы министрі Мәди Такиев биыл қаңтар-ақпандағы мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы есеп берді.

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджетке 3 трлн 224 млрд теңге түскен.

«Республикалық бюджетке 1 трлн 902 млрд теңге кіріс түсті. Кіріс бойынша жоспар 396 млрд теңгеге орындалмады. Бұл – импортқа қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы. Республикалық бюджет бойынша 3,7 трлн теңге сомасына шығыс жүргізілген. 70 млрд теңге жұмсалмаған. Оның ішінде 25 млрд теңге үнемделіп, 45 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеу сомасы – Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктерінде және Мемлекеттік күзет қызметінде», – деді Мәди Такиев Үкімет отырысында.

Министрдің ақшаның игерілмеу себептерін атады:

  • 670 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізілмеген;
  • 19 млрд 214 млн теңгеге конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерінің ұзаққа созып өткізілуі.

Биыл ақпанда жергілікті бюджеттердің шығысы 1 трлн 409 млрд теңге болған. 74 млрд теңге жұмсалмаған.

«Биыл өңірлерге 1,8 трлн теңге нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 наурызға 74 млрд теңге бөлінген. Олардың 90,7%-ы игерілді. 7 млрд жұмсалмады. Оның ішінде 1 млрд теңге үнемделіп, 6 млрд теңге игерілмеді. Қаржыны көп игермеу Астана қаласы, Қарағанды, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында тіркелді», – деді Қаржы министрі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар