«Жақсы өмір сүруге тыйым сала алмаймыз», – деп жазған журналист Қуанышбек Есекеев бастаған директорлардың жүздеген миллион сыйақы алғанын тізбектепті.
2022 жылы басқарманың төрт мүшесі – Қуанышбек Есекеев, Людмила Атамуратова, Берік Битабаров және Нұрлан Мейірманов барлығы 422 млн 105 мың теңге сыйақы алған. Егер адам басына теңдей бөлсе 105,53 миллион теңгеден келеді.
Ал, 2021 жылы басқарманың 9 мүшесі 500,4 миллион теңгені өзара сыйақы ретінде бөлісіп алған.
Осылайша «Қазақтелеком» басшылары жыл сайын айлық жалақысынан бөлек ондаған, кейде жүздеген миллион теңгені бонус ретінде алып отырады.