Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытайда министр тәртіп бұзғаны үшін қатаң тергеуге алынды

20:16, 18 мамыр 2024 417

Қытайдың Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрі Тан Жэньцзян партиялық тәртіп пен заңды өрескел бұзды деген күдікпен тергеуге алынды. Бұл туралы Тәртіптік тексеру жөніндегі орталық комиссияның сайтында жарияланған ресми мәлімдемеде жазылған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Қазақпарат" таратқан мәлімдемеге сәйкес, ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауыл істері министрлігі басшылығының партиялық тобының хатшысы қызметін қоса атқаратын Тан Жэньцзянға қатысты тергеуді тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссия мен мемлекеттік қадағалау комитеті жүргізеді. 

Тәртіптік бұзушылықтарға қатысты партиялық тексеру әдетте Қытай шенеуніктерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттеріне жүргізіледі. 

Айта кетейік, Тан Жэньцзянь ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауыл істер министрі болып 2020 жылдың желтоқсан айында тағайындалған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?