Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанай облысында екі жасөспірім қыз өзенге батып кетті

11:22, 16 маусым 2024 448

Қостанай облысындағы Үй өзеніне екі жасөспірім суға батып кетті, - деп хабарлайды Alash.kz сайты. Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болған. 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған.
 

Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар