Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ит құрлы қадірі жоқ". Ақынның арқа тұсынан ернін шүршитіп, келеке қылған Қабатов сынға қалды

13:41, 15 маусым 2024 9801

Көптеген танымал әншілердің әніне сөз жаған ақын Ершат Қайболдин "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Тұрсынбек Қабатовқа ренішін білдірді. Әзілкеш ақын өлең оқығанда оны келелекеп, арқа тұсынан мазақ қылған, - деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ғазизхан Шекербековтің жеке есеп беру концертінде Ершат Қайболдин өлең оқиды. Ақын өлең оқығанда Тұрсынбек Қабатов артында тұрып, ақынды мазақ қылған.

"Артынан күлу деген мұсылмандыққа да, жігіттікке де жатпайды деп ойлаймын. Сол бағдарламаға шыққан кезде Тұрсынбектің олай істегенін білмедім. Кейін теледидардан көрсеткенге ғана білдім. "Абыройымды көтеріп, екеумізден де батыстанбыз ғой, өзі секілді қой бағып өскені інісіміз, жұлдызымды жағып жібере ме" деп ойлап едім. Өзім көңілшек адаммын. Мұқағалидың айтатыны бар ғой, "жылап қайттым өмірдің базарынан" деп, сол секілді "жылап қайттым Ғазизханның концертінен". Біреуге ренжісем, ешқашан бетіне барып "мен саған ренжідім" деп айтпаймын. Өлең жазып, ішімнен шығарып тастаймын", - деді ақын.

Сонымен қатар, ақын ішкі ренішін жырмен жеткізген:

Арамдығын кешірдім арамзаның,

Дос түгіл дұшпаныма адал жаным.

Жақсы жағын сүйемін мен бәрінің,

Бірақ өсек қылмаймын жаман жағын.

Адам неге адамды алалайды?

Жүрексіздер жүректі жаралайды!

Алдыма түсуді ойлап жүрген жандар,

"Артына" неге бір рет қарамайды?

Сорлы бола қоймаспын бұйырса бақ,

Былтырғыдан аламын биыл сабақ.

Тиын құрлы көрмейді кейбіреулер,

Жүрсем егер қиналып тиын санап.

Тасадан тас лақтырып жүргендерге,

Қастық қылу деген жоқ мүлдем менде.

Алтыннан қымбат болып көрінемін,

Алтынның тас екенін білгендерге.

Жақсыларды жүрсеңдер жамандамай,

Өмір сүрер едік қой алаңдамай.

Қадірі бар адамды ит қылатын,

Ит құрлы қадірі жоқ адамдар-ай...

Орайы келгенде айта кетейік, Ершат Қайболдин «Сен қорқақсың»,  «Еркекпін мен», «Достарға», «Махаббатым», «Биле, жеңге», «Көріктім», «Ұлыма ақыл» секілді әндердің сөзін жазған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар