Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодарда төрт адам дүкеннен алынған құймақтан уланды

19:14, 15 маусым 2024 456

Павлодарда төрт адам тамақтан уланды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

28 мамырда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына төрт өтініш келіп түскен. Төрт адам Ак. Шөкин көшесінде орналасқан «Eco bazaar» сауда нүктесіндегі «Кренделия» дүкенінен ветчина, тауық еті мен ірімшік қосылған құймақтарды сатып алғаннан кейін уланды. Басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс ашып, кәсіпкерлік нысанға барды.

«Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды», – деді басқармада.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды. Ол  424 580 теңге мөлшерінде айыппұл төлеп, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау керек. Қазіргі уақытта аталмыш өнім сатылымнан алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар