Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қиын кезде бір-бірімізге негатив емес, жылы сөзімізді арнайықшы - Айгүл Иманбаева

18:15, 11 сәуір 2024 512

Эстрада жұлдызы, танымал әнші Айгүл Иманбаева су тасқынынан зардап шеккен жандарға басу айтып, блогерлерге, жалпы әлеуметтік желіде отыратын барша адамға маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол өз үндеуінде президентіміздің барша судан зардап шеккен жандардың шығыны міндетті түрде өтелетіні туралы айтқанын алға тартты. 

"Армысыздар Отандастар, Қазағым, Елім!
Барлығымыз да естіп, біліп, көріп отырғанымыздай еліміздің қаншама облысы тілсіз жаудан зардап шегіп баспанасынан, мал-мүлкінен айырылып өте қиын жағдайда отыр. Мен де, сыртта жүрсем де, бұл жағдайға бейжай қарай алмадым.

Президентіміз зардап шеккен отбасылардың қай-қайсысы да мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын, барлық материалдық шығынның өтелетінін айтты.

Еліміздегі қаншама ірі компаниялар, банктер, өнер адамдары қолынан келгенше көмектерін беруде. Сонымен қатар қарапайым халықта өз көмегін беріп жатыр.

Осы тұста әлеуметтік желі қолданушылары және де кейбіреулері хайп қуып, негативті ақпарат таратқанша,керісінше бір бірімізге тым болмағанда жылы сөзімізді айтып, ауызбіршілікте болып, жақсы ақпарат таратып, гуманитарлық көмекті қалай көрсетуге болатындығымен бөлісіп, ер азаматтарымыздың жасап жатқан игі істерін айтсақ дейміз. Бір-бірімізге демеу болайық, Жаратушым жар болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, мамыражай жақсы күнде кездесуге жазсын!
Аман болайық!"- деп жазды ол өзінің инстаграм парақшасында. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар