Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қымбатшылықты қолдан істейін деп отыр" - шаруа

10:08, 14 қараша 2022 164



Міне, қаншама "КАМАЗ" тұр мында. Қазақстанда қант жоқ дейді, ал бізге бастырмай жатыр. Жамбыл облысы Шу ауданындағы "Қызылша-Жер". Бұны қашан жинап үлгереді? Қыс келе жатыр,




— дейді бейнежазба авторы.


Видеоның астында жазылған ақпаратқа сай, қызылша әлі 800 гектардай аумақтан жиналуы тиіс. Бейнежазбаға пікір білдірушілер проблеманың неден туындағанын түсінбей, жауаптыларға сұрақ жаудырған.






"Қымбатшылықты қолдан істейін деп отыр", "Қант зауыты қабылдауға дайын емес шығар", "Еңбектің бәрі далаға кетеді, обал ғой", "Бәрін тексеру керек",




— деген пікірлер жазылған.






Қант қызылшасы алқаптарына иелік етіп отырған "Қызылша-Жер" серіктестігінің басшылығы болса, бұл жерде қандай да бір қиындықың бар екенін жоққа шығарып отыр. Компания директоры Амангелді Аяғановтың айтуынша, өнімді жинау мен тасымалдау үздіксіз жүргізіліп жатыр. Тіпті ол арнайы видео түсіріп, жиын-терім барысын көрсетіпті.






Өнім жинау қызу жүргізіліп жатыр. Жүк көліктері жеткілікті. Осы айдың соңына дейін бітіреміз бе деп отырмыз. Ешқандай проблема жоқ,




— дейді серіктестік басшысы.

(Фото интарнеттен. Көрнекілік үшін)





Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар