Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шекарашылар шаңғымен өзара жарысқа түсті

13:16, 24 қаңтар 2024 258
Қар жауып қыс басталса, қысқы спорт түрлерін дамыту еске түседі. Осыны ескерген әскери қызметшілер аппақ қар да алқынып аяқтарына шаңғы байлап өзара жарысқа түсті.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған спорттық шараға Шекара академиясының тұрақты жеке құрамы қатысты.

Спортты жанына серік еткен шекарашылар таза ауада тыныстап бір демалып қалды. Шаңғы жолына шыққан белсенділердің ішінде кәсіби шаңғышылар жоқ. Тек қарапайым әуесқойлар. Әскерилер жас ерекшеліктеріне қарай жеті топқа бөлінді. Оларды Шекара академиясының бірінші орынбасары полковник А.Исмаилов құттықтады.

«Баршаңызды бүгінгі спорт мерекесімен құттықтаймын. Бүгін күн райы бұлынғыр. Аздап ызғырық аяз болып тұр. Қазір көрсетілген қашықтықты шаңғы жолымен сырғанай отырып жарысқа түсесіздер. Жалпы ережені мамандар түсіндіреді. Спорт – денсаулық кепілі. Спортпен шұғылдануды әдетке айналдырыңыздар», - деді ол.

Шекарашылардың қатардағы жауынгерден полковникке дейін аяқтарына шаңғы байлап жарыс жолына шығуы жарыс көрігін одан сайын қыздырды. Спортты айнымас серігіне айналдырған полковник Ж.Канаев қызметтен қолы қалт етсе болды, қолына таулы шаңғысын көтеріп Шымбұлаққа тартып отыруды дәстүрге айналдырған екен. Әйтсе, де тау шаңғысына бауыр басып қалған шекарашы жарысқа түсетін жүгіру шаңғысын ұршықша иіріп әкетті. Уақытынан бұрын жетіп әріптесерінің алды болд ы.

Бірнеше сағатқа созылған шаңғы спортының қорытындысы бойынша, әйелдер арасында бірінші орынды майор Д.Калабаева болса, екінші орынды сержант Ж.Сабанчиева, үшінші орынды подполковник А.Сермагамбетова алды.

Осылайша, кезекшілік-коменданттық бөліміне қарасты жауынгерлік дайындық бөлімшесінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан шарада, ұйымдастырушылар белсенділік танытқан үздік бөлімшелерді де бағалаған екен. Онда бірінші орынды 2-оқу дивизионы, екінші орынды 1-арнайы кафедрасы, үшінші орынды әскери медицианлық бөлімі иеленген.

Жанат Жабырбеков,

ҚР ҰҚК Шекара академиясының баспасөз хатшысы

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар