Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Келіншегін жоғары қойса, қызғанып қаламын: Жазира Байырбекова келіні туралы сөз етті

17:10, 25 қараша 2024 298

Әнші Жазира Байырбекова ене болуға дайындықты бастап кеткенін, баласының неге үйленбей жүргені туралы ойын "Мамский әңгіме" подкастында айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

"Бірнеше уақыт бұрын психологқа бардым. Баламның үйленбей жүргені бізге байланысты емес пе?!” деп сұрадым. "Мүмкін бейсаналы түрде біз дайын емес шығармыз. Танымал әншілер болғанымызбен, құда-құдағимен қарым-қатынас құра алмайтын шығармыз" деп ойладым. "Міне, дайындықты бастап кеткен адамның сөзі" деді. Көп аналардың дайын болмайтынын айтты. Баламыз келіншегін жоғары қойып, бізді тасада қалдырып кетсе, қызғанып қалуым мүмкін. Бірақ ене боламын дегенде, көз алдыма жылы дүниелер елестейді", - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар