Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

2 енені көрдім: Алланың емес, ата-ененің құлы атанамыз: Жанель Мақажан өміріндегі ең үлкен өкінішін айтты

12:11, 25 қараша 2024 6

Актриса Жанель Мақажан бұрынғы өткен өмірінен қиындықтарды атап, сұхбат берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол бұл туралы журналист Жанерке Сейфуллинаға берген “Айтарым бар” подкастында баяндады.

“2 енені көрген келін ретінде айтарым, мен баламмен бірге тұрмаймын. Балама айтамын, әйеліңе үй аласың ба, қымбат брендтер аласың ба, өзің білесің деймін. Өйткені ол сенің өмірің. Өзің білесің деп отырамын. Мен қызғанып, баламның өмірін құртып, шайқап жіберуге құлшынып тұрғаным адами қасиетке жата ма? Балам бақытты болуы керек деген сөзге сәйкес келе ме? Келмейді. Абеке де балаларға сендер бөлек тұрасыңдар деп үнемі айтып отырады”,- деді ол өз сұхбатында.

Сондай-ақ, көп келіндер Аллаға құл болудың орнына ата-енеге құл болатынын жеткізді.

“Неге ата-ене сіз қалағандай жақсы болмайды? Өйткені, келін түсе салысымен соның қамын ойлап, жүгіріп, бәріне ұнағысы кеп, жас келін атанғысы келеді. Осы кезде Алла Тағала сабақ береді адамға. Бұл жердегі ең маңызды мәселе, Алла үшін жасалу керек дүниені ата-ене үшін жасап кетеміз. Менде де осы ситуациялар болды. Біреудің көңілі үшін жүгіре бердім”,- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар