Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шетел шақырса, бағаласа, мүм­кіндік берсе, бара берсін". Математик білім іздеп шетелге кеткен қазақ жастары туралы айтты

14:22, 19 наурыз 2024 446

Математик Асқар Жұмаділдаев "Түркістан" газетіне берген сұхбатында ғылым қуып шетелге кетіп жатқан жастар туралы айтыпты. 

Ғалымның айтуынша, әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фа­ра­би Отырарда туған. Бірақ бала кезінен бі­­лім, ғылым іздеп Таяу Шығыс елдеріне ат­­тан­ған. Ғұлама ғалым телегей теңіз білімді Бағдат қаласындағы Ғылым академиясынан алды. Ол өз Отанына оралды ма? Жоқ. Өйт­кені ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалым­дары­мен танысты, тәлім-тәрбие алады. Алаңсыз ізде­ніп, кітап жазды, дейді.

"Сондықтан мен шет­ел­ге кеткен ғалымдарды кінәлай алмаймын. Олар шетелге көңіл көтеруге, қызық қууға бар­майды, білім-ғылым іздеп жолға шыға­ды. Біз елімізде олардың жұмыс істеуіне жағ­дай жасай алмасақ, ең болмағанда жо­лын байламайық. Шетел шақырса, бағаласа, мүм­кіндік берсе, бара берсін" депті математик. 

Шынын айту керек, соңғы жылдары шетелге әртүрлі себеппен қоныс аударып жатқан жастар көп. Оның ішінде тіршілік үшін жұмыс іздеп кеткендер де, білім қуып кеткен ғалымдар да баршылық. Оларды Қазақстанға қалдыру үшін не жасауымыз керек? Бұл сұраққа да ғалымның өз уәжі бар.   

"Ал білімді жастардың өз Отанына қыз­мет еткенін қалайтын жұрт оларға жақсы жағ­дай жасауы керек. Жағдай жасалса, жас­тар ешқайда кетпейді. Жоғары жалақы төлеп, зерт­ханалық тәжірибе жұмыстарын жа­сау­ға арналған құрал-жабдықтармен қам­та­ма­сыз етсе, кеткендер елге қайта оралады. Мә­селен, балаға мал бақтыру үшін оның ас­тына ат, қолына таяқ не иығына мылтық беруің керек. Ғылымды дамытатын жастарға да осылай барымызды беріп, жағдай жа­сауымыз керек - дейді Жұмаділдаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар