Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Спортшылар тойы: Нариман Құрбанов үйленді

11:46, 09 қыркүйек 2024 572

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйленді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов отау көтерді. Оның таңдауы спорттағы әріптесі, гимнаст Аида Бауыржановаға түскен. NewTimes.kz сайтының жазуынша, жас жұбайлар тойының фотосуреттері мен видеолары желіде пайда болған.

Жас жұбайлар қыз ұзату тойын Астанада өткізген. Кеш қонақтары гимнасттардың туыстары, достары мен әріптестері.

Естеріңізге сала кетейік, 3 тамызда қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды.

Оның жүлдесі оұл спорт түріндегі ел үшін алғашқы марапат. Жеңістен кейін Құрбанов қызына ұсыныс жасағысы келетінін мәлімдеді. Ол үш жыл бұрын үйленуге уәде берген екен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар