Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

СҚО тұрғындары Қостанайға көшіріліп жатыр

14:58, 15 сәуір 2024 465

Солтүстік Қазақстан облысында азаматтар шұғыл түрде көшіріліп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Су тасқыны басталғаннан бері облыста 10 345 адам, оның ішінде 2 328 бала алдын ала құтқарылып, эвакуацияланды.

Өңір тұрғындары Қостанай облысына көшіріліп жатыр. Осы мақсатта жедел-құтқару жасағы тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысынан халықты эвакуациялау жұмыстарымен айналысуда.

Сонымен қатар, Петропавл қаласында Есіл өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар күшейтілді. Авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын сору, қапшықтар мен инертті материалдарды төсеу, жағалауды нығайту жұмыстары, арық жүйелерін тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қазір өңірде судың үйлерді басу қаупі  бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар