Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су сарсаңға салған кезде ҚР Сенаты қаралы хабар айтты. Тұңғыш төраға өмірден өтті

09:58, 03 сәуір 2024 282

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Тұңғыш сенат төрағасы болған Өмірбек Байгелді өмірден өтті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы ҚР Сенатына сілтеме көрсете отырып. 

Өмірбек Байгелді – Қазақстан Республикасы парламенті сенатының алғашқы төрағасы болды (1996-1999 ж.ж.).

Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызыл-Октябрь колхозында жұмысшы болып бастаған.

1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.

Қазақстан Республикасы парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Парламент Сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарды.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар