«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ҰБТ-ның заңды өтуіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырып жатқанын бәрі біледі.
Сынақ субъектісі жай ғана тінтуірді ұстап отырған кезінде, мониторда атқыш жауаптарды өзі тапқанда ұйымдастырушылар мен өзге комиссия мүшелерінің таңданысында шек болмады.
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша филиалының арызы бойынша, полиция органдарымен ақпараттық жүйеге заңсыз кіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, алайда осы орайда көптеген сұрақтар туындап отыр:
- Бұл қалай мүмкін болды?
– Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді?
– Мұндай операцияларды ҰТО қызметкерлерінің қатысуынсыз жүргізуге бола ма?
– Мемлекеттің қорғалатын ақпараттық жүйесінің біріне еркін қол жеткізу ұлттық қауіпсіздік мәселесі емес пе?
Осы сұрақтарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен жауап естимін деп үміттенемін.
Кінәлілер жазасын алады деп ойлаймын.
Үміттенемін!