Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде екі баласы бар педагог келіншек оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілікті

12:26, 23 қыркүйек 2024 1583
 

Ақтөбелік педагог Қылмыстық кодекстің "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабымен күдікті деп танылды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Келіншектің күйеуі Stan.kz сайтына істе куәгер екенін жеткізген.

Ақтөбеде жоғары сынып оқушысымен қатынаста болды деген күдікке іліккен педагог әрекетіне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мән-жайды келіншектің бұрынғы күйеуі айтып берді. Ер адамның сөзінше, бес жыл бірге тұрған 24 жастағы әйелі мектеп оқушысымен көңіл қосқан. 

“Келіншегім сол мектепке биыл жұмысқа тұрды. Жұмыста жүріп, ішіндегі 15 жастағы оқушы баламен жүреді. Әйелмен арамызда екі қызымыз бар. Бір ай бұрын ажырасамын деп үйден кетті. Мен қазір іс бойынша куәгермін. Мен қыздарымды өзімнің тәрбиеме алғым келеді”,- деді ер адам.

Мектеп директоры мән-жай туралы тиісті органдарға хабар бергенін, педагогтың қазір жұмыс істемейтінін хабарлады.

“Жабық түрде болған соң біз бұл туралы ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Жағдай анықталғаннан кейін тиісті органдарға хабарладым. Мұғалім қазір жұмыс істемейді”, – деді мектеп директоры.
Ал Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 122-бабымен, яғни, “Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау” бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын растады. Іске қатысты басқа мәліметтер ресми хабарланбады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар