Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді": депутат Ермұрат Бапиға кімдер қастандық жасауы мүмкін?

10:22, 08 шілде 2024 1157

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи өзінің фейсбуктегі парақшасына аяқ астынан уланып, ауырып қалғанын жазып,тұлып боп ісінген қолының және денесінің көгерген суретін жариялады деп, хабарлайды Alash.kz. 

Депутат: "Ауырып қалған жағдай бар... Диагноз белгісіз... Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді... Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен... Көрерміз... Аман болайық, ағайын!" деп жазба қалдырды парақшасына. 

Оқырмандар алаңдаушылық білдіріп, экс оппозиция белсендісіне ескі Қазақстан өкілдерінің қастандық жасауы мүмкін деген пікірлер жазып жатыр. Ондай пікірге мәжілісменнің өз жазбасы себепкер болып отырған көрінеді.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар