Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлттық жоба аясында атқарылар шаруа көп

11:12, 11 қараша 2022 173
Осыдан бір жыл бұрын елімізде «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы бекітілген болатын. Аталмыш жобаның мақсаты – экономиканы әртараптандыру екенін сол кезде экономистер мен сарапшылар жазды. Нақтырақ айтқанда, ұлттық жобаның негізгі мақсат-міндетіне кіретін тақырып: халықтың табысын арттырып, әл-ауқатын көтеру, тұрмысын түзеу.



Әуелдегі жоспар бойынша, жобаны 2025 жылға дейін аяқтау керек. Бес жылға жоспарланған жобаның алға қойған жоспарларын түгел орындау үшін аталмыш ұлттық жоба аясында қандай бірқатар шаруалар қолға алынғаны анық.

Экономистер мен сарапшылардың айтуынша, ұлттық жоба 5 ірі бағытты қамтитын көрінеді. Атап айтсақ, біріншісі – индустриялық-инновациялық даму бағыты. Екіншісі – мұнай-газ химия кешенін дамыту саласы. Содан кейінгісі – геология саласын өркендету. Ал төртінші мен бесінші жоспар бойынша – энергетика саласын жандандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету бағыты жоспарланған. Ескерте кетейік, ұлттық жобада әр бағыт бойынша міндеттер де нақты жұмыстар жоспарланған.

Ескерте кетейік, ұлттық жоба аясындағы аталған мақсат-міндеттердің игілігін көру үшін жалпы 15,9 трлн теңге кетеді деп жоспарланған болатын. Оның 402 млрд теңгесі республикалық бюджеттен қарастырылып отыр. Ал 15,5 трлн теңгесі инвестиция есебінен деп көзделген. Үкімет жоспары бойынша, ұлттық жоба аясында 127,8 мың жұмыс орны ашылады. Оның 102,8 мыңы тұрақты жұмыс болса, 25 мың жұмыс орны уақытша құрылады.

Дегенмен, ұлттық жобаны әлі күнге дейін түсінбейтіндер бар. Оның мақсат-міндетін, жоба-жоспарын білмейтіндер құрылғанына 1 жыл болған ұлттық жобаның негізгі миссиясы туралы экономистерден ақпараттануы керек. Бізге сұхбат берген белгілі экономист Мақсат Халықтың айтуынша, жобаның атауының өзінде үлкен мән бар көрінеді.

Мақсат Халық: «Ұлттық жоба Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Нақтырақ айтқанда, отандастарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту деген сөз. Азаматтардың өмір сүру сапасы олардың табысы көбейген кезде ғана жақсарады. Ол үшін айға қол созып, нано технология, ғарышты игеру деген сияқты қолдан келмейтін шаруаға шашылмауымыз керек. Мысалы, біздің қолымыздан «Тесла» автокөлігінің батарейкасын жасау келеді. Оған миымыз да, мүмкіндігіміз де бар. Сапалы батерика шығарсақ, бүкіл әлемге «Тесланың» батарейкасын шығарушы, тасымсалдаушы мемлекет ретінде танылсақ, Қазақстан үшін сол да үлкен өндіріс болар еді. Одан бөлек, мұнай өнімдерін дамытсақ, ол да Қазақстанға қомақты пайда көзі. Мемлекеттің ақшасын қолдан келетін осындай салаларға салсақ, нәтижелі болар еді. Бұл бір жағынан жұмыссыздыықты азайтады, екінші жағынан нақты мамандар қалыптасады, үшіншіден халықтың әл-ауқатын көтере аламыз» деп түсіндірді.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы дегеніміз, қысқасы міне осындай. Бұл болашақтың, елдіктің ұлттық жобасы.

Кемел ЖАН

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар