Актер Серік Шәріптің анасы адвокат Гүлнар Мұратова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлын жақтап, пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол өз сөзінде Бутеева ұлын пайдаланғанын айтып, жала жапқан.
Ол (а.б) өзінің арам пиғылын алдын-ала жоспарлады, ойластырды. Менін ұлым онымен(а.б.)ара қатынасын әлдеқашан үзседе, ұлымды аңдыды, артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді!
Ақырында 8 ақпан күні, сол жоспарын іске асырды. Менің ұйықтап жаткан Ұлымның петеріне қандай мақсатпен, қалай кірді? Ол(а.б) 8-ші ақпан күні арам-пиғылын, жоспарын іске асырып, лифтідегі видеожазбаны, ол уйде тұрмаса да заңсыз қолына алды.
Бетіне шапалақ тисе, неліктен осы уақытқа дейін полиция шақырмады? Экспертиза жасатпады? Арызданбады? Неге 2 ай өткеннен кейін полицияға барып, ұлымды қаралап отыр?
Әдемі киініп, шетелге шығып жүргені де баласының арқасы екен.
Ол 2 жыл бойы менің баламды пайдаланды. Оның нақты жұмысы жоқ, шетелге қандай қаражатпен барып, әдемі киім киіп жүр? Ол әрдайым өз сөзінде елге “танымал” болғысы келетіндігін айтатын. Арманына жетті. Ел жұртқа жалған айтып, ұлымды қаралады. Барлығына Алла куә!”,- деді ол өз жазбасында.