Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Халқының келешек арқасүйері!". Маңғыстаулық бастауыш сынып оқушысы жинаған ақшасын Құлсарыға жолдады

12:38, 10 сәуір 2024 876

Маңғыстау облысында төртінші сынып оқушысы жинаған ақшасын Жылыой ауданындағы су тасқынын зардап шеккен отандастарына жолдады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Халқының арқасүйері, елінің азаматы есебінде ер жетіп келе жатқан Ақшұқыр ауылытының кішкентай тұрғыны өз қаражатын Жылыой ауданындағы су тасқынын зардап шеккен отандастарына жолдады. Төртінші сыныпта оқитын Нұрасыл Игілікұлы еріктілердің Құлсары жалқына жылу жинайтынын естіген бойда қобдишаға жинап жүрген бар ақшасын апарып берген. 

Анам берген ақшамды қобдишаға жинай бердім. Атыраудағы қиын жағдайды естідім де, ақша жинап жүрген қобдишамды қолыма алып, еріктілерге апарып бердім, - деді Нұрасыл. 

Халқына деген көңілі таза, ниеті ақ батыр ел алғысына бөленіп, үлкендердің ақ батасын алды. Желі қолданушылары "қолындағы барын бөлісіп беруге даяр" батырға: "Осындай бала тәрбиелеп отырған ата_анасы, ұстаздарына алғыс!", "Жарайсың Азамат! Тілегің қабыл болсын, Еліміз жеті жұттан аман қалсын!" деп жазуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар