"Шеттің сұрқия дәстүрлерін елге сіңіруге қарсымыз". Депутат Ермұрат Бапи елдегі хиджаб кию мәселесіне қатысты сұхбат беріп, өткір ой айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Barysmedia порталы депутат Ермұрат Бапимен болған сұхбатты жариялады. Сұхбатта депутат елдің ұлттық құндылықтары сақталуы тиіс екенін, "хиджаб кие алмағаны үшін деп елден кетем" дегенер болса, оларға ақ жол тіледі.
Алды мен артына бір уыс топырақ. Кетсін. Қайда кеткісі келеді екен, ей? Лағып кетсін! Ондайларға шекараны ашып қою керек... Шеттің сұрқия дәстүрлерін елге сіңіруге қарсымыз, - деді депутат.