Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Зейнетке 55 жасымыздан шықсақ, зейнетақыны кім төлейді?" - Дүйсенова ерте зейнетке шығудың "қаупін" айтты

16:45, 26 маусым 2024 911

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс кулуарында Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын 55 жасқа дейін төмендету жайлы мәселеге қатысты ойын айтып, пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Дүйсенова Қазақстан заңнамасында әйелдердің зейнет жасы реттелгенін алға тарып,  қазірдің өзінде заңды түрде зейнетке шыға алатынын айтты: 

Біз 1998 жылдан кейінгі зейнетақы реформасын жүргізгеннен кейін негізгі зейнетақымызды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аламыз. Егер қорда қандай да бір қаражатымыз болса, онда бүгіннің өзінде 55 жаста зейнетке шығу мүмкіндігіміз бар, - деді ол.

Премьер-министрдің орынбасары әйелдердің зейнетке шығу жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петицияға қатысты пікір білдірді.

Егер мұндай өтініш болса, әрине, біз оны уақытында қараймыз. Бірақ бүгінде біз зейнетақылардың басым бөлігін мемлекеттен емес, өзіміз жинаған зейнетақы активтерімізден алатынымызды ескеру қажет. Сол себепті егер біз бүгін 55 жаста шығатын болсақ, онда тиісті зейнетақы ала аламыз ба, соны түсінуіміз керек, - деп айтты Тамара Дүйсенова.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар