Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жастар неге бәсекеге қабілетсіз?

12:29, 26 мамыр 2022 216
 



Қазақстанда жұмыс орындары тапшы болуы мүмкін. Халықтың табысын арттыру бағдарламасында жаңа өндірістер мен бос жұмыс орындарын ашу қарастырылғанымен, елде білікті кадрлар аз.
«Қазір бізде жастар арасындағы жұмыссыздық жағдайы салыстырмалы түрде өткір емес. 90-жылдары демографиялық сәтсіздікке, түрлі мәселелерге, дағдарысқа ұшырағандықтан, бала аз туылды. Бірақ 2000 жылдардан бастап жағдай өзгерді. Бала туу көрсеткішіміз өсуде. Мәселен, алдағы жылдары еңбек нарығына жыл сайын 300-350 мың жас шығады. Бұл көрсеткіш әлі де өсе береді» деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, 2021 жылы 446 мың бала дүниеге келген. 20 жылдан кейін олар еңбек нарығына шығады. Осы уақытқа дейін мемлекет оларды жұмыспен қамтамасыз етіп, сапалы білім беруі керек. Осыған байланысты проблемалар әлі де бар.
«Біздің университет пен колледж түлектерінің, мектепті айтпағанда, олардың біліктілігі айтарлықтай төмен екенін көріп отырмыз. Және олар,

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТСІзшынын айтқанда.

Жоғары оқу орнын тәмамдаған бұл жастар енді білікті жұмысқа орналаса алмайды. Ол қайда барады, базалар мен құрылыс алаңдарына ма, өзін-өзі жұмыспен қамти ма?» деп қосты Әшімбаев.

Қазақтарды үйде отыруға мәжбүрлеген пандемия жылдары туу көрсеткішінің қарқынды өсуіне әсер етті. Қазақстандық бэби бум 2020 жылы басталып, өмірге 426,8 мың сәби келді. Дегенмен, 2021 жыл да бұл рекордты жаңартылып, 446,5 мың жаңа туған нәресте өмір есігін ашты. 2019 жылғы «коронавирусқа дейінгі» кезеңмен салыстырғанда 2020 жылға қарай плюс 4,6% және бірден плюс 11% -ға өсті. Биыл үш айда 95,6 сәби дүниеге келді, яғни 2022 жылы бэби бум жалғасуда.







Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар