Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Адамдықтан ада: Оралда су тасқыны кезінде жалданатын пәтер құны күрт қымбаттаған

18:44, 10 мамыр 2024 378

Ұлттық статистика бюросы мен сарапшылар сәуір айында тұрғын үй нарығында бағаның қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір жыл ішінде жаңа тұрғын үйдің бағасы елде 1,6%, екінші нарықтағы пәтерлер 0,1% өскен.

Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 3,1% қымбаттады.

Бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар Ақтөбеде 9,5%, Қызылордада 7,1% айтарлықтай өсті. Екінші тұрғын үй нарығында Атырау (12,2%) және Жезқазған (7,1%), ал тұрғын үйді жалға беру нарығында Жезқазған (23,4%), Қарағанды (23%) және Атырау (21%) бағалар өсімі жағынан алға шықты.

Бір айда пәтерді қайта сату бағасы 1%, ал жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,4% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 0,3% өсті.

Сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату жағынан тіркелген мәмілелер саны 31 248 құрады. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 830 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 23 418. Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 18,4% өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (5 583 – 17,9%) және Алматы (4 949 – 15,8%), сондай-ақ Қарағанды облысы (2 668-8,5%) көшбасшы болып қала береді. Ең аз мәміле Ұлытау облысында (333 - 1,1%) жасалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар