Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров тоқсаныншы жылдары Жезқазған облысын (қазіргі Ұлытау) басқарып, әкім болу ұсынысынан неге бас тартқанын айтып берді, деп жазады Alash.KZ сайты ulysmedia.kz порталына сілетеме жасап.
Маған Жезқазған қаласының әкімі боласың ба деп ұсыныс жасады. Мен бармаймын деп бас тарттым. Мен ең мықты болсам да, облыс түгілі ауылды басқарып көрмеген мен ұсынысқа келіссем, жартысын басқа біреулерге сатып жіберген облысқа баруым керек екен.
Мен сол жерде қожа болып отырғандардың қол астында жүгіріп жүруім керек екен. Ал егер сол жер құрып жатса, “әне, анау келіп бәрін құртты” деп маған жабар еді. Сол үшін келіспедім, – дейді ол.