Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда велотрек демеушілер қаржысы есебінен модернизацияланды

04:20, 16 тамыз 2022 210
Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында 1979 жылы салынған әрі жаңарған велотрек ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ерболат Досаев, қазақстандық велосипед спорты федерациясының президенті, бизнесмен Нұрлан Смағұлов, спорт қоғамдастығының өкілдері және басқалар қатысты.

Спорт кешенін модернизациялау велотректі қазақстандық велосипед спорты федерациясының сенімді басқаруына бергеннен кейін демеушілік қаржы есебінен жүргізілді. Алматы әкімі Ерболат Досаев велотрек белсенді өмірді қалайтындар үшін тартылыс орталығына айналатынын және дәл осы жерде қаланың жас спортшылары  өз таланттарын аша алатынын атап өтті.

Велотректе велоспорттың 4 түрін дамытуға  жағдайлар жасалған, олар – маунтинбайк, ВМХ (трюк түрі), тас жол және тректер, сонымен қатар қаладағы ең үлкен скейтпарк. Велотректі бір мезгілде 100-ге жуық велосипедші пайдаланады. Кешен аумағында енді триатлеттер, жүгірушілер, пауэрлифтерлер, скейтерлер және т. б. жаттыға алады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар