Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Туристер Маңғыстаудағы шартастарға неге тиісіп жүр? (Видео)

17:03, 22 қараша 2024 216
Маңғыстау облысында туристердің әйгілі Шарлар алқабындағы тастарды орнынан қозғағаны түсірілген видео жарияланғаннан кейін үлкен дау туындады, деп хабарлайды Alash.KZ сайты karaganga.city парақшасына сілтеме беріп.

Кадрларда ер адам қызға ежелгі тастардың бірін қозғауды ұсынады, бірақ ол бас тартады. Алайда кейін екі турист шарлардың бірін орнынан жылжытады.

Бұл әрекет қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырды. Олар табиғи мұраға құрметсіздік танытқан адамдарды жауапқа тартуды талап етуде.

Маңғыстау полициясы заң бұзушыларды іздестіріп жатқанын мәлімдеді. Алайда, бейнежазбаның жылы уақытта түсірілгенін ескерсек, тергеу нәтижелері оңай шыға қоймайтын сияқты.

Шарлар алқабы – миллиондаған жыл бұрын қалыптасқан ерекше табиғи ескерткіш. Бұл геологиялық құрылымдар аймақтың символы болып табылады және әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартады. Қоғам бұл оқиғаға қатты алаңдаушылық білдіріп, табиғи көрікті жерлерді қорғау шараларын күшейтуді талап етуде.

Сіздердің ойларыңызша, туристер мұндай әрекетті не үшін жасады?
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар