Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталады, 2024 жылдың екінші жартысында аяқталады.
Сонымен қатар, осы жылдың шілде айында конкурстық процедуралар өткізілгеннен кейін Шұғыла шағынауданындағы №174 мектепке 375 орындық қосымша құрылысты бастау жоспарланып отыр. Бұған қоса балаларды қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін көпсалалы инновациялық шығармашылық орталықтың құырылыс да аяқталу үстінде.
Негізінен Оқушылар сарайы саналатын ол ғимаратты пайдалануға беру үшін Білім басқармасына қабылдау-беру актісіне қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл 5 мыңнан астам баланы қосымша біліммен қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы алдағы уақытта қаладағы мектеп тапшылығын жою үшін мектеп салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы салынатын мектептер орын тапшылығын жойып қана қоймай, заманауи, жайлы мектептермен қамтамасыз етеді деген үміт зор.