Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алтын Орда" базарын Болаттан алып қойды

09:04, 28 қаңтар 2022 254
 

Еліміздегі ең ірі базар саналатын "Алтын Орда" базары мемлекетке соңғы 7 жылда 400 миллион теңгеден аспайтын қаржы аударған. Бұл мұхитқа тамған тамшы секілді дейді мамандар. Өйткені бұл өте қарапайым, жылына 500 миллион теңгеге дейін табысы бар шағын кәсіпорынның төлейтін салығымен пара-пар екен.





"Алтын Орда" ЖШС қаңтардың 26-сы күні таратылған болатын. Бұл туралы ratel.kz жазды. Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан "Алтын Орда" базарының жалпы аумағы — 180 000 шаршы метр. Алайда күніне мыңдаған адам сауда жасайтын алып базардың мемлекетке төлеген салығы күмән тудырады. Соңғы 7 жылда "Алтын Ордаға" иелік ететін екі кәсіпорын бюджетке 400 миллион теңгеге жуық қаржы аударыпты.




Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, бұл нысанға Болат Назарбаевтың тікелей қатысы бар. "Altyn Orda Qaz Trade Ltd" ЖШС-іне Елбасының інісі 2014 жылдан 2021 жылға дейін иелік еткен. Алайда Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде серіктестіктің қожайыны өзгерді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар