Ақтауда тұрғын үйдегі өрт салдарынан 60 бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Alash.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
29-ықшамаудандағы дүкендердің бірінде сөрелер өртенді. Осы себепті өртсөндірушілер бір тұрғын үйден 90-нан аса адамды эвакуациялауға мәжбүр болды.
Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.
29-ықшамаудандағы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан дүкенде 3 желтоқсанда таңғы уақытта сөрелер өртенді.
Өрт салдарынан тұрғын үйден 91 адам эвакуацияланды, оның 60-ы балалар.