Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда зейнеткер 9 қабаттан секіріп, қайтыс болды

12:00, 17 наурыз 2025 199

Ақтауда 33 шағын ауданда 66 жастағы зейнеткер 9-қабаттан құлап кетті. Бұл туралы Alash.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның көпқабатты үйден құлап кеткенін нақтылап, өлім фактісін растады.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», - делінген ақпаратта.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі 16 наурыз күні сағат 00:43-те «биіктен құлау» туралы қоңырау түскенін хабарлады.

«Оқиға орнына бригада сағат 00:48-де жетті. Қоңыраудың диагнозы 66 жастағы ер адамның белгісіз себептермен қайтыс болуы. Ақпарат 102 қызметіне жіберілді», - деп хабарлады ведомство.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар