Батыс Қазақстан облысында уақытша салынған көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды Alash.kz.
Көпірдің бұзылу себебі - еріген қар суы.
Салдарынан көлік және жаяу жүргіншілердің қозғалысы тоқтатылды.
Сырым ауданы әкімдігінің мәліметінше, тұрғын үйлерге қауіп жоқ.
Көпірді қалпына келтіру су деңгейі төмендеген соң басталады.