Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Неге олар емес, “Қазақ аруын” мен жасауым керек? Жауап берсін!: Баян Алагөзова Дана Нұржігітке қатты айтты

07:43, 17 наурыз 2025 1541

Белгілі продюсер Баян Алагөзова журналист Дана Нұржігітке ашық сұхбат беріп, өзінің қазақи болмысы туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

“Менің қаным – қазақ. Жүрегім – қазақ. Туған жерім – қазақ жері. Тамырым – қазақ. Менің ДНҚ-м – қазақ. Мүмкін, сондықтан кеше зал қол шапалақтады. Мүмкін, сондықтан осыншама жақсы жұмыстар жасалды. Тек қана менің қаным қазақ болғандықтан”, – деді Алагөзова.

Продюсер оның тәрбиесі, әкесінің қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілігі және ұлттық санасы оның табысқа жетуінің негізгі тіректері болғанын атап өтті.

Алайда ол қоғамға өзекті сұрақ қойып, мәселе көтерді:

“Неге қазақ тілінде сөйлейтін қазақтар “Қазақ аруын” жасамайды? Неге мұны мен істеймін? Неге? Маған осы сұраққа жауап берсін”, – деді Алагөзова оны қазақ тілінде сөйлемегені үшін кінәлағандарға.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар