Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутат заңсыз субсидиямен 947 млн өндіріп, ақшаны құмар ойынға салған

13:00, 17 наурыз 2025 130

Алматы облысы бойынша ҚМА департаменті Қарасай ауданы мәслихатының бұрынғы депутатына қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

ҚМА мәліметінше, күдікті заңсыз субсидия алу мақсатында Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына элиталық “Награда” таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттар тапсырған.

Жалпы сомасы 947 миллион теңге болған.

Нәтижесінде ол шығындалған деген желеумен 50% мөлшерінде субсидия алған, бұл 474 миллион теңгені құраған.

Ол қылмыстық кірістерді жасыру үшін 21 жеке кәсіпкермен жалған келісімшарт жасап, көшеттерді орау, тиеу, түсіру жұмыстарын орындады деген сылтаумен ақша аударған.

Бірақ бұл жұмыстар шын мәнінде орындалмаған. Осы жалған келісімшарттар негізінде 431 миллион теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сонымен қатар, ұрланған қаржыны заңды айналымға енгізу үшін күдікті өз жұбайының атынан бағалы қағаздармен операциялар жүргізіп, қосымша 89 миллион теңге заңсыз табыс тапқан.

Қылмыстық кірістерге ол Алматыдан екі бөлмелі пәтер және Toyota Highlander автокөлігінсатып алған. Тергеушілер аталған мүліктерге, сондай-ақ 50 миллион теңге қаражатқа және 91 миллион теңге тұратын бағалы қағаздарға тыйым салды.

Бұдан бөлек, күдікті мемлекеттен ұрланған 170 миллион теңгені Қонаев қаласындағы казинода ұттырып жіберген.

Соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар