Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бастағының шотына 213 мың теңге аударған": Аягөздегі гарнизонында көз жұмған офицер Алдамұратовтың өліміне қатысты тың ақпарат

13:18, 23 қыркүйек 2024 219

Анасының сөзінше, Аягөздегі гарнизонында «суицид жасады» деген 26 жастағы офицер Нұрсұлтан Алдамұратовтың анасының айтуынша, ұлы өлерінің алдында бастағының шотына 213 мың теңге аударған, деп хабарлайды Alash.KZ KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеп.

«Балам маған 15 қыркүйекте 213 мың теңге ақша аударып жіберді. Біраз уақыттан кейін балам қайтадан телефон шалып, «Жаңағы ақшаны қайтадан жіберіңізші, мен бастыққа жіберем деп сізге аударып қойыппын», деді. Сосын мен ақшаны қайтадан балама жібердім. Сол кезде көңіліме күдік ұялады. Балама өзім қайта хабарластым да, «ол ақшаны неге бастығыңа бересің?» дедім. Ол: «Ертең саған «подъемный» түссе, сен көп ақша алдың деп әркім ақша сұрауы мүмкін, сондықтан маған ақшаңды аударып қой деді бастық», - деді Нұрсұлтан», - дейді Ботакөз Ысқақова.

Анасы ұлына «бастығыңа ақшаны берме, ертең қайта сұрап жүресің бе» дегенде, марқұм жігіт «өзім де соны ойлап отырмын» деп жауап берген.

Ботакөз Ысқақова Нұрсұлтанның өліміне сол ақша себеп болды ма деп ойлайды.

«Осы ақша үшін менің баламды жамандыққа қиды ма деп ойлап отырмын. Бастығының аты - Нұржан Нұрқабаев», - деді ол.

Анасы ұлының өз-өзін өлтірді дегенге сенбейді. «Жұмысына адал, жамандыққа бармайтын, өз өмірін қия салатын бала емес еді» дейді Ботакөз Ысқақова.

Еске салайық, өткен жұмада Аягөз гарнизонында офицер кенеттен көз жұмды. Алдын-ала болжам бойынша, ол суицид жасаған. Қорғаныс министрлігі марқұмның қаржылық қызметте лауазым атқарғанын айтты

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?