Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ тұрғындарға 300 млн теңгені қайтарды

13:22, 10 наурыз 2023 316
 


Теміртау қаласының прокуратурасы 2022-2023 жылдар кезеңінде жылумен жабдықтау саласына талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осы жылыту маусымы басталғаннан бері «Оқжетпес-Т» ЖШС «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның ЖЭО-2 желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Бұл қала тұрғындарының үйлерінде температуралық режимнің жиі бұзылуына әкеп соқтырған.

Мұндай жағдайда жылу беру қызметтерінің құнын қайта есептеу керек, бірақ монополист мұны жасамаған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жылумен жабдықтауды пайдаланғаны үшін 300 млн теңгеден аса сомаға 120 мың тұрғынға (118 362 жеке тұлға және 1 329 бизнес субъектісі) қаражатты қайта есептеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар