Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Арзан жанармай ұлттық мүддеміз үшін емес, көршілес елдердің экономикасы үшін жұмыс істеп жатыр" - Ә.Смайылов

09:35, 04 сәуір 2023 228

Әлихан Смайылов мұны "мәжбүрлі шара" деп атады.  Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.





Әлихан Смайылов Қазақстанның арзан жанар-жағармайы көрші елдерге түрлі жолдармен экспортталатынын айтады.

Көрші елдердің бағасымен біздің баға арасындағы диспропорцияны төмендетпесе, Қазақстан биыл 850 мың тонна көлемінде дизель отыны тапшылығына тап болады.

Үкімет басшысының айтуынша, мемлекет жанар-жағармай өндірісін ұлғайту үшін барлық шараларды қабылдауда. Мәселен, өткен жылы дизельдік отынның рекордтық көлемі – 5,2 млн тонна өндірілді.  Жалпы, соңғы 5 жылда бензин өндіру 70%-ға, дизельдік отын 33%-ға өсті.
"Біздің мұнай өңдеу зауыттары өз қуатының шегінде жұмыс істеп жатыр.  Дегенмен, біз жанар-жағармай тапшылығы қаупімен үнемі бетпе-бет келеміз.  Экспорт пен тапшылықтың негізгі факторы – Қазақстандағы жанар-жағармай бағасының төмендігі.  Мысалы, дизель Ресейде 45%, Қырғызстанда 64%, Өзбекстанда 2 есе қымбат. Соның салдарынан көрші елдер арзан жанар-жағармайды бізден түрлі жолдармен алуда", – деді Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов наурыз айында жанар-жағармай тұтыну өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15% артқанын айтты. Осыған байланысты биылғы жылы республикада баға диспропорциясы төмендетпесе, 850 мың тоннаға дейін тапшылық туындауы мүмкін.
"Біздің арзан жанармай ұлттық мүддеміз үшін емес, көршілес елдердің экономикасы үшін жұмыс істейтіні белгілі болды. Сондықтан жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін баға айырмашылығын азайту қажет. Бұл елден мұнай өнімдерін сыртқа алып кетуді азайтып, нарық сұранысын қамтамасыз етеді.  Басқа амалымыз жоқ", – деді Премьер-Министр.

Еске сала кетсек, 3 сәуірде өткен брифингте Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елімізде жанармай бағасы өсетінін хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар