Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астана тұрғындарын толғандырған түйткілдер қашан шешімін табады?

10:34, 05 қыркүйек 2022 244
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалықтармен кездесіп, оларды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы alash.kz хабарлайды.

– Әрбір ауданның өзіне тән күрделі әрі шешілуі тиіс өте маңызды мәселесі болады. Мәселен, Байқоңыр ауданының Күлтегін көшесінде жоғары вольтты электр беру желісі (ЭБЖ) орналасқан. Бұл проблеманың шешілмей келе жатқанына 26 жыл болды.

Ең алдымен, электр беру желісі жанында орналасқан Күлтегін, Асан қайғы, Сырдария, Лермонтов көшесіндегі үйлерге баса мән беріледі. Осыған ұқсас жұмыс алдағы уақытта іргелес аумақта да жүргізіледі. Алайда бұл бір күндік немесе бір жылдық жұмыс емес. Орташа есеппен алғанда жоба 3 жылдан 5 жылға дейін созылады, – деді қала әкімі.

Оның сөзінше, былтыр электр беру желісін шығару бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды қолға алды, қазір ол сараптамадан өтуде. Күз айларында ауқымды жобаны іске асыруға кіріседі.

– Бірінші кезекте, жолдардың және инженерлік желілердің құрылысы жоспарланған учаскелердегі үйлер, сол сияқты электр беру желісі астындағы үйлер бұзылады. Бұған қоса бұзылатын үйлердің құнын белгілеу, оларды сатып алу және бұзу жұмысы жүргізіледі. Асан қайғы көшесінде қосымша электр қуаты қосылғаннан кейін Күлтегін көшесіндегі электр желісі демонтаждалады. Бас жоспарда егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірледік. Жеке сектордың орнына әлеуметтік нысандар, тұрғын үй кешені, қоғамдық кеңістіктер бой көтереді, – деді А.Көлгінов.

Кездесу барысында белгілі болғандай, ­Ш.Уәлиханов көшесіне параллель сегіз жолақты жол салынады. Сөйтіп, бас шаһардың логистикалық инфрақұрылымы жетілдіріліп, көлік қатынасы едәуір жақсарта түседі.

Биылдан бастап Күлтегін, Асан қайғы, Сырдария және т.б. көшелердегі үйлерді кезең-кезеңімен бұзуды бастаймыз.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар