Бүгін Астана әуежайында Путинді ерекше күтіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Әуежайдың кіреберісіндегі үлкен экранда: "Жоғары мәртебелі, Владимир Путин мырза, Астанаға қош келдіңіз!" деп жазылған.
Астана көшелерінде қауіпсіздік күшейтілді.
Тіпті, кейбір көшелер жабылып, қоғамдық көліктердің бағыттары өзгертілді.
Ал университет студенттері қашықтан оқуға көшірілді.